Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңа рейтингінде айтарлықтай өзгеріс орын алған жоқ, деп хабарлайды ProSports.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы бұрынғыша Румыния елінің қызы Симона Халеп. Екінші орында испандық қыз Гарбинье Мугуруса. Үздік үштік қатарында Дания елінің өкілі Каролин Возняцки.

ТОП-100 қатарына кіретін қазақстандық екі теннисші қыз да орындарын өзгерткен жоқ. Атап айтқанда Юлия Путинцева — 53-орын, Зарина Дияс — 66-орын.