«Қайраттың» бас бапкері Какау алдағы уақытта өтетін Урал Кубогында қатысуы жайлы сұхбат берді.

– Біріншіден,Ташкентте жақсы көрсеткен ойын үшін командаға алғысымды айтам. Демалыстан соң оралғанымызды ескерте кетсек, физикалық дайындығымыз жаман емес.

– Урал кубогы жайлы не айтасыз?

– Ресейлік командалар мен ойнаған әрдайым қиын. Қарсыластарымызды құрметтегенеміз абзал,сол жағдайда ғана жеңіске жетеміз.

– «Қайрат» сапында жаңа төрт ойыншы жаттығып жүр, олар командада қала ма?

– Екеуі бізде ойнамайтын болды. Қалғандарын әлі де тексеріп көреміз. Команда аса өзгермеді, ойын тұрғысында алда бізді үлкен жұмыс күтуде.