Бүгін, 3 қараша күні ҚХЛ аясында «Барыс» ХК елордалық мұзайдында «Витязь» командасымен кездеседі.

Хоккей клубтары арасындағы тартысты кездесуді «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы - 19:20-да.

Қазіргі уақытқа дейін 29 ойын өткізіп үлгерген «Барыс» чемпионатта 52 ұпаймен бесінші болып келе жатса, қарсыласы 30 ойын өткізіп, 31 ұпаймен жиырма үшінші орында тұр.