«Ақтөбе» ойыншылары Қобыланды батыр стадионында кезекті жаттығуларын өткізді.

Жаттығу процесіне Антон Шурыгиннен басқа барлық ойыншылар қатысты. Антон аздап ауырсынған соң, жаттығудан босатылды. Ілгеріде жарақаттанған Розыбакиев, Байтана және Жұмағали да жалпы топта жұмыс жасады. Қақпашы бапкері Виталий Галаттың қоластында Сидельников, Тамабай және Отарбаев сынды қақпашылар дайындықтарын пысықтады.

Әдеттегідей, бой қыздырынып алған ойыншылар, доппен ұстап жүруге көңіл бөлді. Стандарт соққылары мен тактикалық жүрістерін бір байқап алған Муханов командасы жаттығу соңында алаңның жартысында екіге бөлініп матч өткізді.