Қараша айының 4- і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында №146-ші жалпы білім беру мектебінде мектеп мұғалімдері арасында қалалық кеезнінің спартакиадасы өтеді, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл жарыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша спорттың бес түрінен волейбол, тоғызқұмалақ, аркан тарту, шахмат және гір көтеруден ұйымдастырылады. Басталуы 09:30-да.

Регламентке сәйкес сайысқа қатысушы командалардың қатарында әйелдер және еркектер болуы тиіс. Сонымен қатар, спартакиаданың қалалық кезеңіне тек аудандық кезеңді жеңіске жеткен қатысушылар мен командалар жарыс жолына шығады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медалдар және дипломдар табысталады.

Бұл спартакиаданың басты мақсаты жалпы білім беру мектеп мұғалімдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, үздік ұжымды анықтау және де оларды салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған.