Кеше киевтік "Динамо" Ақтөбеде өткен матч алдындағы жаттығуын өткізген болатын. Қонақтар алаңдағы шөптің биіктігіне шағымдануда деп жазады Sport.ua.
 
"Жаттығуға келер болсақ, ойыншылар ширату кезінде үш негізгі топқа: "украиндықтар", "балкандықтар" және "африкалықтар" деп бөлініп жаттықты. Олардың қатарында "Динамоның" жаттықтырушысы Сергей Ребров та болған. Киевтіктер ақтөбеліктердің шөбі үлкен қолайсыздық тудырады деп отыр.
 
Естеріңізге сала кетейік, "Ақтөбе" футбол клубы бүгін өз алаңында киевтік "Динамоны" қабылдайды. Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч Астана уақытымен 19:00-де басталады.