Өскеменде әйелдер арасында волейболдан өткен Қазақстан Республикасы кубогында шығысқазақстандық «Алтай» командасы жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Алтай» «Ертіс-Қазхром» командасымен ақтық сында кездесіп, ойын 5 сетке дейін созылды. Тартысты бәсеке соңында 2:3 есебімен жеңіске жеткен «Алтай» ойыншылары Қазақстан Кубогының иегері атанды. Жеңімпаз команданы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов құттықтады.