Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Ақтөбенің» кезекті қарсыласы әйгілі киевтік «Динамо». Бұл клубты таныстырудың да қажеті жоқ шығар, алайда команданың қазіргі тынысын айта кетпесек ұяттау.
 
«Ақтөбе» үшін қайдағы бір ағылшын премьер лигасындағы командадан көрі «Динамомен» кездесу әлде қайда қызықтырақ секілді. Алайда бүгінгі таңда Украина футболын алға бастап тұрған «Динамо» емес донецкілік «Шахтер» екенін бәрі біледі. Кеншілер жыл сайын күшейіп қарқын алуда. Киев командасы керісінше құлдилап төмен сырғып барады. Харьков қаласының «Металлист» клубы екінші орынға көтеріліп 13 дүркін чемпионды бас турнирсіз қалдырды.
 
Украина чемпионаты 2013/2014
 
Биылғы маусымды «Динамо» өте нашар бастады. Блохин шәкіртттері өз алаңында өткізген үш ойынның біреуін ғана жеңіді. Соңғы ойында күтпеген жерден одессалық «Черноморецқа» жол беріп қойды. Басты қарсылас  «Шахтер» да елордалықтардың шекесінен шертті. 4 жыл шыңға шықпаған «Динамо» мамандардың айтуынша баяғы қалпына қайта түсті. Жаңартылған командаға «Шахтердікіндей» ортақ ойын жетіспейді. Ортақ ойын түгілі, киевтіктер өз ара тіл табыса алмайтыны да белгілі болды жақында. Одессада өрбіген матч барысында Евгений Хачериди бес бапкерден алмасуды сұрады. Себебін кейін өзі айтты: бірнеше ойыншымен төбелесіп қалған екен. Сондықтан оны бүкіл команда жақтырмайды.
 
Алдағы ойын жайлы өздері айтты:
 
 «Динамоның» шабуылшысы Браун Идейе:
 
Біздің біріншілігіміз әлде қайда күшті. Тәжірибенің арқасында жеңімпаз болып шығатынымызға сенімдімін.
 
«Динамоның» жартылайқорғаушысы Лукман Аруна:
 
- Бұл командамен мүлде таныс емеспін. Бірақ ойын оңай болмайтынын білемін.  Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуыға тиістіміз.
 
«Динамоның» шабуылшысы Андрей Ярмоленко:
 
- Бұл команданы аттап өту керекпіз. Жеребе тарту рәсіміне дейін айтқан болатынмын, тағы қайталаймын. Киевтік «Динамо» топтыққа өту керек!
 
«Динамоның» қорғаушысы Евгений Хачериди:
 
- Қарсыласымыз жайлы ештеңе білмеймін. Себебі өмірімде Қазақстандық бір де бір командамен кездеспегем.  Меніңше бұл команданы қиындықсыз өте аламыз.