«Astana Pro Team»  командасынның бас менеджері Александр Винокуров жақын арада бастау алатын «Вуэльта-2013»-ке команда толықтай дайын екенін, сондай-ақ Винченцо Нибалиге үміт артатынын жеткізді.
 
«Шабондаздарымыз  «Вуэльтаға», «Джиро» мен «Тур де Франсқа» бірдей дайындалады. Бұл жолғы ерекшелік  құрамға Танел Кангерт пен Якоб Фульсангты Нибалиға көмекші етіп қойдық. Менің ойымша, Нибали «Вуэльтаны» ұтуға лайықты. Жарыс барысында күш жинап 10-шы кезеңнен кейін 100 пайыздық бабына енуі керек. «Тур де Франстан» әйгілі, дәрежелі жарыс жоқ, алайда бұл жолғы «Вуэльта» оңай болайын деп тұрған жоқ», - дейді Винокуров Astana Pro Team сайттына.