Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лёв 2018 жылғы әлем біріншілігіні аяқталғаннан соң «Бавария» клубының тізгінін ұстамайтынын айтты.

«Клубпен жұмыс істеу туралы ойламаппын. Кезінде клубты жаттықтыруым мүмкін деп айтқан болатын. Өйткені ол кезде күнделікті жұмыс істеп үйреніп қалған едім. Бірақ қазір Германия құрамасымен 2020 жылға дейін келісімшартым бар», — деп келтіреді Йоахим Лёвтің сөзін Abendzeitung сайты.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Бавария» клубы дәл осы Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лёвке қызығушылық танытқан еді.