Бразилиялық ойыншы Неймар каталониялық «Барселонадан» париждік ПСЖ клубына ауысқанына өкініп жүр.

Mundo Deportivo басылымының мәлімдеуінше, Неймардың ПСЖ клубының бас бапкері Унаи Эмеридің жұмысына көңілі толмайды. Оның үстіне бразилиялық футболшы Париж қаласына үйренісе алмаған.

Айта кетейік, жақында Неймар «Барселона» командасының ойыншыларымен кездескен болатын.