«Астана» командасының шабуылшысы Джордже Деспотович «Астана» - «Қайрат» (0:2) арасындағы кездесу соңында ойын туралы өз пікірімен бөлісті.

- Соңғы уақытта «Қайраттыңтардың» жиі жолы болып кетіп жүр. Бүгінгі ойында олар стандарттық жағдайдан есеп ашып кетті. Олар чемпиондыққа үлкен қадам жасадық деп ойлайтын шығар, алайда үш жыл болды барлдығы біледі, біз чемпион атанамыз. Егер біз «Ақжайықты» ұтсақ, чемпион атанамыз.

- Джордже, денсаулығыңыз қалай?

- Шүкір, барлығы жақсы.

- Алда Еуропа Лигасы аясында Израильде жергілікті "Маккабиге" қарсы ойнайсыздар. Сол ойынның маңыздылығы бүгінгі кездесуге әсер етті ме?

- Жоқ, біз кез келген ойынға 100% дайындықпен шығамыз. Бүгін біздің шыны керек, жолымыз болмады. Есеп алғаш 0:0 болып тұрған кезде гол соғатын мүмкіндіктеріміз болған. Олар алғаш болып есеп ашты. Дәл мұндай кездесуде осындай жағдайлар болып тұрады.

Қазір бізде алда Еуропа Лигасы. Біз ол кездесуде бұйырса жеңіске жетеміз деген сенімдемін. Одан кейін бізде ҚПЛ-дағы соңғы кездесу қалады. Бұйырса «Ақжайықты» жеңіп, чемпион атанамыз!