Жолдастық кездесу Армения астанасы Ереванда өтті.

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ереванда Армения құрамасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голды ойынның 41-минутында Мәди Жақыпбаев соқты.

Екі құрама арасындағы екінші ойын 30 қазан күні өтеді. Кейін біздің футболшылар Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысу үшін Түркияға жол тартады.