Көкшетаулық «Оқжетпестің» бас бапкері Сергей Попков павлодарлық «Ертіске» қарсы өткен матч жайлы пікірін білдірді. Бұл кездесуде оның командасы 1:2 есебімен ұтылды.

- Біздің өміріміздегі ең ауыр апталардың бірі болды. Соңғы алты күнде үш рет ойнап, үш рет ұтылдық. Қарсыластар да, қарап тұрсаңыздар өте мықты болып шықты. Әрине, алға қойған міндетті орындай алмағанымыз белгілі, нақты фактіге келсек, біз қош айтысатын секілдіміз. Дегенмен, жігіттерге алғысымды айтамын, берілген уәдесіне сай олар тырысты, талпынды. Өздеріңіз көрдіңіздер, осы ойында нәтижені өзгертуге барымызды салдық, бірақ, күш жетпеді. Соңғы ойындардың ауртпалығынан болар