Даррен Баркердің промоутері Эдди Херн жақын арада Геннадий Головкинмен кездесу болмайтындығын айтты. 
 
«Даррен Баркер мен Головкинның белдесуі кейінге шегерілді. Геннадий орта салмақтағы ең мықты боксшы, сондықтан шекіртім үшін онымен жекпе-жекке шығу қауіпті деп есептеймін», - дейді Херн BoxingScene.com. сайтына берген сұхбатта.