«Ақтөбе» мен «Динамо» (Киев) кездесуі алдында билет таба алмай сенделген жанкүйердің қарасы көп. 30 мың жанкүйер касса алдына тізіліп тұр.
 
Кейбіреуі тіпті үйлеріне де қайтпай кассаларды бір неше күн күзетіп жүр екен. Өткен аптада ғана қосымша 15 касса жұмыс істей бастады. Соның өзінде матчты тамамашалаймын деушілер алаңға симай жатыр. Билеттер бүгін ғана сатылымға түсті. Құны - 1000 теңге.
 
Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» мен «Динамо» арасындағы кездесу 22-ші тамыз күні Ақтөбедегі «Қобыланды батыр» атындағы орталық стадионда өтеді. Бұл ойынды тікелей эфирде «Қазақстан» мен «KazSport» телеарналары таратады, матч Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады.