Футзалдан Қазақстан құрамасы Иран елінде өтетін халықаралық жарысқа қатысады.

Аталмыш турнир желтоқсанның 3-і мен 6-ы аралығында Иранның Исфахан қаласында өтеді. Иран футбол Федерациясы ұйымдастыратын додаға жарыс қожайындарынан өзге Бразилия, Ресей және Қазақстан құрамалары қатысады.

Какаудың шәкірттері Ирандағы турнир арқылы 2018-ші жылы Словенияда өтетін Еуропа чемпионатына дайындалмақшы.