Әлемнің үшінші ракеткасы, ресейлік теннисші Мария Шарапова тегін ауыстырмақ. 
 
«Спорт-Экспресс»-тің мәлімдеуінше, Шарапова US open жарысы кезінде тегін Шугарповаға ауыстырмақ. Естеріңізге сала кетсек, орыс бұрымдысы жақында «Sugarpova» деген шоколад брендін ашқан болатын. Сөйтіп Мария есімі арқасында жарнама жасамақ.
 
US open додасы 26 тамызда басталады. Жарыс аяқталған соң Шарапова өзінің шынайы тегімен өнер көрсетед.