«Қайрат» футзал клубы қарымта матчта ташкенттік «Ардус» командасын жеңді.
 
Бұл ойындада қонақтар есепті бірінші болып ашты. Голды авторы - Эулер. Үш минуттан соң Серік Жаманқұлов есіпті 2:0-ге жеткізген, өзбектер тез арада бір голмен жауап қатты. 
 
Екінші тайм басталысымен Николай Пенгрин жылдам шабуыл нәтижесінде есіпті 3:1-ге жеткізді. Кейін Лео Сантана септі еселеп, бір минуттан соң Дінмұхамед Сүлейменов бесінші голды соқты. Матч соңына таман өзбек ойыншысы Шухрат Таджибаев дубль жасап есепті тағы қысқартты - 2:5.  
 
УЕФА кубогының иегері алдағы маусымға дайындық жаттығуларын елге оралған соң жалғастырады. Ал Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері 23 тамызда Нагоя қаласында өтетін сары құрлық бәсекесіне аттанады.
 
Жолдастық кездесу.
«Ардус»-«Қайрат» - 2:5 (1:2)
Голдар: Таджибаев 17, 40 - Эулер 14, Жаманқұлов 17, Пенгрин 23, Лео Сантана 35, Сүлейменов 36
«Ардус»: Ұмаров, Кравченко, Свиридов, Аноров, Шлема, Таджибаев, Буриев, Юнусов, Абдумавлянов, Саидахметов, Бегулов, Рахматов, Шарипов, Ирсалиев
«Кайрат»: Игита, Халявин, Космухамбетов, Лео Сантана, Жаманқұлов, Пенгрин, Сүлейменов, Фумаса, Лео, Алешандре, Мұрзабаев, Александров, Жоан, Эулер
18 тамыз. Ташкент. «Өзбекстан» спорт кешені.