Кәсіпқой футбол Лигисының төрағасы Михаил Гурман бүгін «Селтикпен»  кездесу өткізетін «Шахтерге» ақ жол тіледі.

«20-шы тамыз күні сағат 21.00-де барша Қазақстан «Астана Аренада» өнер көрсететін кеншілердің тілеуін тілейді.

Қарсылас мықты, «Селтик» - еурокубоктарда аты шыққан команда. Біз үшін алдағы екі матчқа нақты жоспар құрып, шотландиялықтардың осал тұсын табу. Қарсыластың «жер жарып» тұрған атауына қарамастан жеңіске жетіп Чемпиондар лигасының топтқы кезеңіне шығуға тиіспіз!

Бүгін стадион жанкүйерге толады! Қарағанды мен Астана қалаларынан 30 000 көрермен келеді алаңға.

Кумыков командасының «қаһарман» атауы тарихқа енеді! «Шахтерден» жеңіс күтеміз!», - деді КФЛ төрағасы.