Чемпиондар лигасының былтырығы маусымында «Спартакпен» бір топқа түскен «Селтикті» ресейлік жанкүйерлер мен мамандар менсінбей өздірінің екінші девизиондағы командаларымен салыстырған болатын. Кейін опық жеді...

Шотландиялық команда ресейліктерді екі рет ұтып, «Барселонаны» қара жерге отырғызып кеткен. «Кельттар» жаңа маусымда жаңа белестерді еңсеруге асық. Ең алдымен олар шалғайдағы қарағандылық «Шахтерді» жеңуі тиіс.

"Түп-түқияннан «Шахтерге» шейін

Бастапқыда «Клифтонвилл» сынды әлсіз команданы жеңген «Селтик» келесі кезеңде швецияның «Эьфсборг» клубынан кәдімгідей қарсылық тапты. «Селтик парк»-та 1:0 есебімен ұтса, сырт алаңдағы матч 0:0-мен аяқталған. Плей-офф-қа тәлтіректеп әрең шыққан Нил Леннон шәкірттері сонда да қарағандылықтарға көз қырымен қарап менсінбеушілік танытып отыр.

Қызықты жайт, ішкі чемпионатта  «Селтикке» тең келер дәрежелі команда жоқ, барлымызға танымал ежелгі қарсыласы «Рейнджерс» қаржылық жағдайына байланысты үшінші дивизионда ойнап жүр.

Шотландия чемпионаты Қазақстан біріншілігінеөте  ұқсас екен. 12 команда бақ сынайды, артынша алты-алтыға бөлініп жүлдеге таласады. Ішкі чемпионатында «Селтик» әзірше 5-ші орында тұр.

 «Селтик» қатарын «Херенвеен» командасының үздік ойыншысыі Альфред Финнбогасон толықтырды. Голландия чемпионатында өктізген екі жыл ішінде ол 24 гол соққан.  Жетекші ойыншылардың бірі, қақпашы Фрейзер Форстерді атап өтпеу қиын. 25 жастағы дарынды қатарға қосуды аңсап жүрген АПЛ клубтары көп. Бойы 201 см қақпашыға гол соғудын өзі бір ғанибет.

Ортаңғы қорғаушылар дуэтін нигериялық Эфе Амброузбен бен жас ағылшын Кельвин Уилсон құрап тұр. Қапталдарда танымал швед қорғаушысы Микаэль Лустиг опен гондурас құрамасының ойыншысы Эмилио Исагирре өнер көрсетпек.

Қарсылас қандай?

Барлық ойындарды «Селтик» екі ортаңғы жартылай қорғаушымен бастайды. Әдетте бұл израильдік Берам Кайал мен Шотландия Ұлттық құрамасынның капитаны Скотт Браун.

Оң қанатта 22-дегі жас пері ағылшындық Джеймс Форрест. Сол қаптал тәжиребелі Крисс Коммонсқа сеніп тапсырылған.

Шабуыл өтінде ирландиялық Энтони Стоукс пен «Селтик» сапындағы ең танымал шабуылшы Йоргос Самарас. Бірақ жарақатына байланысты грекиялық ойыншы «Шахтерге» қарсы шықпауы мүмкін.

Айқасқа әзірміз

 Ал «Шахтер» ше?  «Кеншілердің» көңіл-күйі көтеріңкі, физикалық тұрғыда, әрине, қемшіліктер бар. Себебі биылғы маусым өте тығыз. Ал психологиялық тұрғыда біздің ойыншыларымызға жеңілрек. Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтудің өзі үлкен жетістік. Десек те арғы жағымыз жеңісті тілейді, шіркін. «Шахтер» үшін бұл жеткіліктісіз, алдағы ойында жігіттер бар жанын салып, қалайда болсын ұтуға тырысатыны белгілі. Ойын алдында Виктор Кумыков «ашық ойын көрсетеміз» деген еді, мұнымен не айтпақ болғанын, ойын өрнегі қандай бағытты алатынын аңғармадық.

Сөздің шыны керек, «Селтикті» ұту оңай емес. Бірақ жігітер жан-тәнімен беріліп, ерекше дайындықпен шықса алынбайтын қамал жоқ. Жеңілмейтін команда болмайды. «Шахтер» - плей-офф кезеңіне кездейсоқ өтіп кетті» деушілердің аузын құммен толтыру үшін, «Шахтер» расында Еуропаның үздік клубтарымен иық тіресіп күш сынасуға лайықты екенін дәлелдеу үшін отандастарымыз «өл-тіріл» намысты қолдан бермеуі керек. Себебі, ел мерейі – бәрінен биік!

«Селтиктің» жетістіктері

• Шотландия чемпионы

Чемпион (44): 1893, 1894, 1896, 1898, 1905, 1906, 1907, 1908, 1909, 1910, 1914, 1915, 1916, 1917, 1919, 1922, 1926, 1936, 1938, 1954, 1966, 1967, 1968, 1969, 1970, 1971, 1972, 1973, 1974, 1977, 1979, 1981, 1982, 1986, 1988, 1998, 2001, 2002, 2004, 2006, 2007, 2008, 2012, 2013

• Шотландия кубогы (36, рекорд): 1892, 1899, 1900, 1904, 1907, 1908, 1911, 1912, 1914, 1923, 1925, 1927, 1931, 1933, 1937, 1951, 1954, 1965, 1967, 1969, 1971, 1972, 1974, 1975, 1977, 1980, 1985, 1988, 1989, 1995, 2001, 2004, 2005, 2007, 2011, 2013

• Шотландия лигасынның кубогы (14): 1957, 1958, 1966, 1967, 1968, 1969, 1970, 1975, 1983, 1998, 2000, 2001, 2006, 2009

• Глазго Кубогы (31): 1891, 1892, 1895, 1896, 1905, 1906, 1907, 1908, 1910, 1916, 1917, 1920, 1921, 1927, 1928, 1929, 1931, 1939, 1941, 1949, 1956, 1962, 1964, 1965, 1967, 1968, 1970, 1975*, 1982, 2008, 2011.

• Альфредо ди Стефано атындағы кубок иегері: 1967

• Еуропа чемпиондар кубогы: 1966/67

• Еуропа чемпиондар кубогының финалисі : 1969/70

• УЕФА кубогының финалисі: 2002/03