Әйелдер теннис Ассоциациясының (WTA) жаңарған рейтингісінде отандасымыз Галина Воскобоева Ярослава Шведовадан асып 78 орынға табан тіреді.
 
Воскобоева төрт орынға ілгеріледі, Шведова болса керісінше 9 саты төмендеп, 82-ші орынға сырғыды. Юлия Путинцева жүздікте қалып 93 орнынан жылжымады.
 
Үздіктер қатарында, баяғыша Серена Уильямс топ бастап тұр. Виктория Азаренко екінші. Орыс бұрымдысы Мария Шарапова үздік үштікті түйіндеп тұр. 
 
WTA рейтингісі. 19 тамыз:
 
1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 12260 ұпай,
2 (2). Виктория Азаренко (Беларусь) - 9505,
3 (3). Мария Шарапова (Ресей) - 8766,
4 (4). Агнешка Радваньска (Польша) - 6335,
5 (6). Сара Эррани (Италия) - 5125,
6 (5). Ли На (Қытай) - 4825,
7 (7). Марион Бартоли (Франция) - 4365,
8 (10). Каролина Возняцки (Дания) - 3490,
9 (9). Петра Квитова (Чехия) - 3440,
10 (8). Ангелика Кербер (Германия) - 3420,
... 78 (82). Галина Воскобоева (Қазақстан) - 806,
73 (82). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 779,
93 (92). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 713,
164 (137). Сесиль Каратанчева (Қазақстан) - 374,
197 (195). Зарина Дияс (Қазақстан) - 297.