Египеттің екінші лигасында өнер көрсететін «Эль-Канах» ойыншысы Ибраим Конша исламшылдардың қолынан қаза тапты.

28 жастағы футболшы өткен жексенбі күні әскери борышын атқару барысында Синай түбегінде исламшылдармен қақтығыс кезінде көз жұмды. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеді.

«Біздің ойыншы - Ибраим Конша мысыр әскеріне лаңкестердің шабуылы нәтижесінде қаза тапты», – деп жазды «Эль-Канах» клубының баспасөз қызметі.