Қазақстандық паралимпиадашы Зульфия Ғабидуллина мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде үшінші медалін ұтты.

100 метрлік қашықтықта еркін стильде сынға түскен жерлесіміз украиндық Ольга Свиридскаяға мен қытайлық Ся Цянг Бо-ға жол беріп қойды.

Алдында өткен жаттығуларда да Зульфия тамаша нәтиже көрсетіп күміс пен қола медаль жеңіп алған.