Солтүстік Ирландия боксшысы Джеймс Теннисон өз отандасы Райан Барнетт пен қазақстандық Жанат Жақиянов кездесуіне болжам жасады.

«Бұл тамаша жекпе-жек болмақ – қос боксшы да мықты. Жақияновты тізімнен сызып тастауға ерте, бірақ Барнетт төрешілер ұпайымен жеңеді деп ойлаймын», - деді Теннисон iFL TV-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Жақиянов – Барнетт кездесуі 21 қазанда Белфастта (Солтүстік Ирландия) өтеді. Бәсте WBA (Super) және IBF титулдары тұрады. Теннисон да осы бокс кешінде жұдырықтасады.