Әлемге әйгілі сайттардың бірі Whoscored.com Еуропа Лигасы топтық кезеңі аясында өткен «Астана» - «Маккаби» кездесуіндегі ойыншылардың жекелей көрсеткіштері нәтижелерін жариялады. Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз-қызметі жазды.

Осы нәтижелер бойынша аталмыш кездесуде екі нәтижелі пас берген Дмитрий Шомко 8.9 ұпай жинап, үздік атанды.

Ойында қос голдан соққан Патрик Твумаси (8.8) мен Джуниор Кабананга (8,7) үздіктер қатарынан табылды.

Ал сайттың берген ұпайы бойынша үздік бестікке Юрий Логвиненко (7,6) мен Иван Маевский де (7,4) қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, ойын елордалық команда пайдасына 4:0 есебімен аяқталған болатын.