Ла-Вегаста қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокстағы кезекті кездесуін өткізді.

Оның қарсыласы 29 жастағы мексикалық Фернандо Варгас болған. Кездесу 10 раундан тұрды. Бәсте WBC International белбеуі тұрған. Төрешілер шешімімен жеңіс Сойлыбаевқа берілді.

Бұл Бекманның кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісі.