Алматыда әйелдер арасында волейболдан өтіп жатқан Гран-при кезінің алқашқы кездесуінде ұлттық құрамамыз жеңіліс тапты

Бастапқы ойында қыздарымыз Голландиямен кездесу өткізген. Матчтың бірінші кезеңі ғана қызықты өрбіді. Терезесі тең ойын көрсеткен қос ұжым арасынан қонақтар екі ұпайлық айырмамен алға суырылып шықты (23:25). Кейінгі екі кезеңде 14:25, 16:25 есебімен ұтылған бұрымдыларымыз қауқарсыз болды.

Бразилия құрамасы алғашқы ойында кубалық қыздардан басым болды. Жерлестеріміздің кезекті ойыны бүгін Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де Куба мемлекетіне қарсы өтеді. Ал Бразилия мен Голландия арасындағы кездесу сағат 15:00-ге жоспарлаған.