Қытайдың Шанхай қаласында байдарка мен каноэдан мәреге жеткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Құрлық біріншілігінде қазақстандықтар 8 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Ал Қытай құрамасы екінші орынға жайғасса, өзбекстандықтар үшінші орынды қанағат тұтты.