Петропавлда алғаш рет Түнгі хоккей лигасы ойындары өткізіліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТХЛ-ға мемлекеттік қызметкерлерден, бизнесмендерден және кәсіпорындардың қызметкерлерінен құралған әуесқой командалар қатысады. «Көрермендер нағыз қызықты ойындарды тамашалайтынына сенімдімін. Хоккейшілерге жақсы ойын, айтулы жеңістер тілеймін», - деді Құмар Ақсақалов.

«Қызылжар» - «Сокол» кездесуінде айдын иелері сапында өңір басшысының өзі де өнер көрсетті. Жылдам әрі сапалы ойын өрнегін көрсеткен «Қызылжар» хоккейшілері 7-1 есебімен жеңіске жетті, ал Құмар Ақсақалов дубль авторы атанды.