Ақтөбелік ультрас футбол фанаттары еліміздегі ең агрессивті жанкүйерлері екені көпшілікке мәлім.

Бірер күн бұрын Ақтөбеде «Қайрат» пен «Атырау» клубтары арасында Қазақстан Кубогының финалы өтіп, алматылық команда жеңімпаз атанған болатын. Осыған орай, өз клубын қолдап Атыраудан 400-ге жуық жанкүйерлер келген. Ал ақтөбелік ультрас оларды кішкене топтан ұсап тепкінің астына салған.

Видеоға сүйенсек, ақтөбеліктер «Атырау» клубының жейдесін киген фанатты аямай ұрып, жейдесін олжа ретінде алып алған.

Ал отандық nur.kz сайтының хабарлауынша, алматылық жанкүйерлер ашулы ақтөбеліктерден қорыққан соң өз командасын қолдауға келмеген.

Дереккөз: Вконтактедегі 13cектор парақшасы, nur.kz