«Қайраттың» бас бапкері Какау маусым аралықтағы дайындық туралы, демалыс уақытындағы қызықтар мен ұлттық құраманы қолға алуы жайлы сыр шертті.                    

Қазіргі таңда біз Еуропанның ең мықты командасы болып есептелеміз, бәрі бізді ұтуға құштар. Сол себепті біз бұрынғыдан да жақсы дайындалуымыз керек. Демалыс көп уақытқа созылды,сондықтан бірінші кезекте «физиканы» қолға алуымыз керек. Тынығып алған ойыншылар бір уақытта оралып қайта жаттығуға кірісті. Алдағы маусым оңай болмайтынын сезіп тұрмын. «Тұлпар», «СКА Юг» секілді өте мықты қарсыластарымыз бар. Ең бастысы шәкірттерімінің еңбекке деген құлшынысы мол. Қуантатыны да осы.

- Ойыншыларыңыз барлық жүлдені ұтып алды. Енді оларды қалай жүгерлендірмексіз?

- Жеңімпаз болған соң екі есе көп еңбектену керек. Тіпті кешегі «Барселона» да бізге тіс қайрап отыр. Нағыз кәсіпқойлар еркінсімейді. Алда – Қазақстан Кубогы мен Суперкубок бар. Мұнымен тоқталып қалмай УЕФА Кубогының екі дүркін чемпионы атанбақпыз!

- Былтыр команданы жарты жолда қолға алып аса өзгеріс енгізе алмадыңыз. Биыл команданың ойын өрнегі айтарлықтай өзгереді ме?

- Ия, көп нәрсеңі өзгертеміз. Стандартқа, физикалық жаттығуларға,қорғаныстағы ойынға, біраз көңіл бөлеміз.

- Демек, «Қайратқа» жаңа ойыншылар келеді ме?

-  Қатарға қосылған жаңа ойыншылар жоқ, бәлкім жергілікті футзалшылардан бір-екеуін аламыз ба, оны көре жатармыз. Ал командамен қоштасқан бір ойыншы бар, ол – Энрике.

 - Отаныңызда сізді қалай қарсы алды?

- Баспасөз өкілдері сұхбат алып, түрлі бағдарламаларда қонақ болдым. Артынша әйел-балашағаммен бірге болып жағажайда дем алдық. Кейін футзалдан шеберлік сыныбын өткізіп, төрт жолдастық ойынға қатыстым.

- Турнир ма еді?

- Соған ұқсайды. Достарыммен ойнадым. Олардың арасында Жоан (бұрын «Қайрат» футзал клубында ойнаған) мен Густавода («Қайраттың» экс-қақпашысы) болды.

- Густавоның халі қалай? Қазақстанды ескі алады ма?

- Ия, әрине! Жылы жүздестік. Отбасымен біз тұрған жерде 10 күндей жатты.

- УЕФА кубогынан кейін басшылық сізге көлік сыйлағанын білеміз. Айдап жүрсіз бе?

- Рөлге бір-ақ рет отырдым. Көбінесе әйелім айдайды. Біраз жыл бұрын ағам көлік апатына түсіп мүгедек болып қалған. Содан кейін қорқақтап қалдым. Бірақ болашақта қорқыныштан арылып өзім айдауға тырысамын.

-Ұлттық құраманы жаттықтыруға қашан кірісесіз?

- Жақын күндері басшылықпен кездесіп, осы мәселені талқылаймыз. Бразилияда өтетін Гран-приға қатысуды тілеп жүрмін. Бұл жарыс жыл сайын өтеді, 20 шақты команда өнер көрсетеді. Алайда көп қаражат жұмсалатындықтан ұйымдастырушылар командалардың санын қысқартуда. Дегенмен Бразилия федерациясында таныстарым бар, досыма күнде қоңырау шалып шақырту жіберсін деп айтам. Біздің ойыншыларға бұндай турнирлер ауадай қажет. Ресей, Италия секілді азулы құрамалардың өзі бұл жарысқа сұранып барады. Тағы бір дайындық кезеңі деп алдағы Чехия құрамасымен өтетін үш бірдей жолдастық кездесуді айтуға болады. Ол жаққа біз қыркүйекке таман аттанамыз.

- Үйде жатып УЕФА Кубогы аясында өткен матчарды қайталап көрдіңіз бе?

- Ия, бірнеше рет көрдім.

- Көп нәрсеңі өзгерткіңіз келді ма сол ойындарда?

- «Барселонамен» кездесуде ештеңе өзгертпес едім, ал «Динамомен» өткен матчта мүмкін біраз өзгеріс болушы еді.

- Айта кетсеңіз...

- Пенгринді көбірек ойнату керек еді. Қанша дегенмен Қазақстандағы үздік сұрмергендер қатарында жүрген жігіт. Басқа айтарлықтай ештеңе өзгертпес едім. Себебі чемпион атандық қой. Ал финалдық ойын әлі есімнен кетпейді. Өте қиын болды. Едігі мақсатым – «Қайратты» екі дүркін УЕФА кубогының жеңімпазы қылу.

- Көбіне қызық –«Кайраттың»бұрынғы бапкері Жоао Карлос Барбоза жеңіспен құттықтады ма?

- Фэйсбукте құттықтап артынша қоңырау шалды. Бірақ әңгіме өзі жайлы өрбіді, неліктен «Сибиряктан» кеткені туралы сөйлестік. Оның есімі «Қайрат» тарихында алтын әріптермен жазылатынын жеткізіп айттым. Чемпион болмағанымызда  Барбоза көбірек әңгімелесуші еді. Еуропаның үздігі атанғанымызда не ақыл айтсын? Өзара ешқашан ұрсыспағанбыз, «Кайрат» деген - үлкен  жанұя.

 

Алым Жалелов

Аударған: Қайсар ОҚАС