Қазақстан Кубогының финалында «Қайрат» пен «Атырау» күш сынасып, алматылық команда кубок иегері атанған еді.

«Қобыланды батыр» атындағы стадионға жиналған футбол жанкүйерлері керемет, тартысты ойынның куәсі болды. Алайда, ойынды тамашалауға келген бір топ жанкүйерлер «Қайрат» клубының намысына тиетін адамгершіліктен жат, ерсі қылық жасады. Нақтырақ айтсақ, көрермендер ойын үстінде әдепсіз, былапыт сөздер жазылған баннер шығарды. Назарларыңызға сол баннердің фотосын ұсынамын.