ҚХЛ аясындағы «Барыс» пен «Куньлунь РС» командалары арасындағы ойын топтық төбелеске айналды.

Хоккейшілер бірінші кезең аяқталуға санаулы секундтар қалғанда ерегесіп қалған. Ол сәтте «Барыс» 2:0 есебімен алда еді. Видеоға сүйенсек, төбелесте «Барыс» шабуылшысы Артем Лихотников пен канадалық Брэндон Дефаци аса белсенділік танытты.