УЕФА Кубогының негізгі кезеңінде өнер көрсетіп жатқан алматылық «Қайрат» топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізді.

Какау шәкірттерінің бұл жолғы қарсыласы беларусьтік «Сталица» клубы болатын.

Ойын алматылық команда үшін сәтті басталды деуге келмейді. Кездесудің фавориті болған алматылық клуб тек бірінші таймның 16 минутында Шыңғыс Есенамановтың көмегімен есепті ашты. Ал алғашқы жартылықтың соңында Першин «Сталица» қақпасына пенальти соға алмады.