Парламент Мәжілісінің депутат Магеррам Магеррамов отандық футболды жамандады.

«ФИФА рейтингісінде Қазақстан 126-орында. Ойыншыларға барлық жағдай жасалған. Футбол клубтарына жұмсалатын миллиондаған қаржы мен гонорар мәселесі қоғамда талай рет талқыланған. Ал спортшыларымыз ары кетсе «аула жұлдыздары» атануға лайық болып тұр. Сондықтан бұл мәселені тез арада қарастырған жөн», - деді Магеррамов Мәдениет және спорт министрлігіне жолдаған сауалында.
Оның пайымынша, ұлттық құраманы басқаруға ТМД елдерінен бапкерлер шақырту тәжірибесін доғару қажет. Депутаттың сөзінше футболшыларға шектен тыс гонорар беріледі.