«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Какау УЕФА Кубогының негізгі кезеңі басталар алдында клубтың баспасөз қызметіне команданың дайындығы жайлы сұхбат берді.

«Біз бірінші орын алып, үш жеңіске қол жеткізку үшін келдік. Ол қиын болатыны сөзссіз. Біз дайынбыз бірақ Есенаманов, Нұрғожин, Сүлейменов, Жаманұқловтардың һәл жағдайы дұрыс болмай тұр. Сонымен қатар, Дугластың ыстығы көтерідліп кетті. Алайда мен қорықпаймын, біз ойнап жеңіске жетуге дайынбыз. Игита оралды, Тайнан, Тайеби, Алешандре спорттық бабында, осы маусымда көп ойнамаған Леоны да іске қосамыз.

«Пескара» біздің негізгі қарсылас, көптеген әріптестерім маған олардан қауіптен деп ескертуде. Олардың Төрттік финалға шығу деген құлшынысы мықты. Жалпы алғанда біздің топта мықтылар жинақталған. УЕФА Кубогы негізгі кезеңнің ең қиын тобы десек те болады.

«Пескара» бапкері бізді фаворит деді бірақ олардың құрамында үш әлем чемпионы бар (аргентиналықтар), бразилиялық қақпашы, Еуропа турнирлерінде талай белестерді бағындырған Фернандао және Саад та бар. Сол себепті кімнің фаворит екені белгісіз, ойыннан кейін көреміз, қазір футзалда күтпеген нәтижелер көп, жақында Франция Хорватияны ұтты», - деді бразилиялық маман.

Естеріңізге салайық, бүгін «Қайрат» италиялық «Пескара» клубымен күш сынасады. Ойын сағат – 22:15 басталады. Тікелей трансляция Qazsport арнасында.