Чили құрамасының футболшысы Артуро Видаль аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді 2018 жылғы әлем чемпионатында көргісі келетінін айтты.

«Ресейде тек үздіктер ойнауы тиіс. Мессидің әлем чемпионатында болғанын қалаймын, ол үздік. Бәрі үшін қиын жағдай болып тұр, Аргентина үшін де солай», - деді Видаль.

Соңғы турда чилиліктер Болгарияммен кездессе, Аргентина құрамасы Эквадор командасымен күш сынасады.