Алматыда журналистер арасында футболдан БАҚ лига бастау алды.

Бұл сайыста 8 команда бақ сынасып жатыр – «365info», «Халық Арна», «Effective Media Liaison», «Журналистер құрамасы», «Nur.kz», «Ұлттық арна», «Hit TV» және «Prosports.kz» командалары.

Алматы футбол федерациясы мен Қазақстан футбол федерациясы бірлесе ұйымдастырған лига айналымдық жүйе бойынша өтеді. Әр команда бір-бірімен ойнап шығып, ұпай саны бойынша жүлдегерлер анықталады. Турнир 25 қарашада аяқталады.

Айта кетейік, бұған дейін өткен БАҚ-лигада «Prosports.kz» командасы чемпион атанған болатын.