Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев өзінің жетінші кездесуін 28-қазанда өткізеді.

Коннектикут штатының Машантакет қаласындағы Foxwoods Resort Casino аренасында өтетін бокс кешінде қазақстандықтың кіммен шығатына әзірге белгісіз. Оның болашақ қарсыласы алдағы бірнеше күнде белгілі болып қаллады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта Айдар бапкері Дерик Сантос-Росариомен бірге алдағы жекпе-жегіне қызу дайындық үстінде.

Естеріңізге салсақ, Айдар осы күнге дейін алты кездесу өткізіп оның барлығында жеңіске жеткен. Бес кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған.