Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк Армения құрамасына қарсы кездесу алдында өз ойымен бөлісті.

«Етеңгі ойында шабуылдаймыз. Әрине, әр схема өзгереді. Ең бастысы ойыншыларымыз алаңда дұрыс позиция таңдап, теке тірестерін ұтса болды. Команда мүмкіндік көп жасайды, алайда оны голға айналдыра алмайды», - деді ресейлік маман.

Естеріңізге салайық, ертең Қазақстан құрамасы Ресейдегі әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Армения командасымен күш сынаспақ.