Маусым соңына дейін Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубын танымал қос бапкер жаттықтыратын болады. Бұл туралы команданың сайтына сілтеме жасап, ҚазАқпарат жазды.

Қос жаттықтырушының бірі - ресейлік маман Сергей Николаевич Попков. Ол 2015 жылы «Оқжетпес» ФК жаттықтырған тəжірибесі бар. Ал, екіншісі елімізге танымал маман Борис Викторович Глушков. Борис кезінде Семейдің «Елімай» жəне «Спартак» , сондай-ақ, Теміртаудың «Болат» жəне Өскеменнің «Восток» командаларында ойнаған болатын. Ол ойнаған командалар сол кезде ел біріншілігінде жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұған Борис Глушковтың қосқан үлесі мол.

Сонымен қатар, ол «Елімай», «Астана», «Алтай» футбол клубтарын да жаттықтырған болатын.