Ертең Астанада «Self-Transcendence – өз-өзінді бағындыру деп ататалатын тәулік бойы жүгіретін ашық Қазақстан чемпионаты басталады.

Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген елордалық Astana Runners клубы мен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы ұйымдасырып отырған жарыс Орталық саябақтың шаңғы-роллерлік тас жолында өтеді.

Ашық чемпионаттың бағдарламасы:

Дистанция

Старттың басталуы

Мәреге жетуі уақыты

Лимит

Ең төменгі талаптар

6 сағат

Сағ 10:00

07.10.2017

Сағ 16:00

07.10.2017

-

Марафон, 42 шақырым 195 метр

100 шақырым

Сағ 21:00

07.10.2017

10:00-ден кешікпеу керек

08.10.2017

13 сағат

Марафон, 42 шақырым 195 метр

24 сағат

Сағ 10:00

07.10.2017

Сағ 10:00

08.10.2017

130 шақырымнан кем емес

Марафон, 42 шақырым 195 метр

Кез келген марафоншы және жүгіруді жақсы азаматтардың барлығына қатысуына болады. Орталық саябақтың шаңғы-роллерлік тас жолының әрбір айналымы – 1 шақырым. Пункттердің барлығында ыстық тамақ, медициналық көмек, демалу орны қарастырылған.

Жарыс өтетін тас жол сертификациядан өткізілген. Ұлттық дәрежедегі төрешілер қазылық етеді. Ультрамафонға қатысушыларға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ норматив орындағандарға спорттық атақтар беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 50-ден астам адам қатысуға өтініш білдірген. Ертең чемпионат алдында сол жерде де тіркелуге мүмкіндік қарастырылған.