Армения құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ереванда Польша командасынан 1:6 есебімен ұтылып қалды.

Матчтан кейін команда капитаны Генрих Мхитарян осы жеңіліс үшін өзін кінәлады.

«Мәселе көп. Осының бәрінен шешім шығаруымыз керек, себебі Қазақстанмен ойында мұндай қайталанбауы тиіс. Айтарға сөзім жоқ. Масқара жеңіліс. Бәріне кінәлі мен, себебі мен команда капитанымын және өз құрамам үшін жауапты адаммын: жеңілісті өз мойныма аламын. Қазақстанға қарсы ойынға дейін міндетті түрде өз қалпымызға келеміз», - деді Мхитарян.