Дэниэл Джейкобстың бапкері Крис Алджиери Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегі жайлы ойын айтты.

«Меніңше, GGG бұл жекпе-жекте жеңіске жетті. Канелоның комбинациялары жақсы, қорғанысы да мығым, бірақ Головкин соққы жасап, рингтегі жағдайды бақылауда ұстады. Жылдамдық көрсетті. Оның джебі бәрін шешті деп ойлаймын», - деді Алджиери.

Айта кетейік, Головкин – Альварес жекпе-жегі тең есеппен аяқталған болатын. Енді боксшылар реванш өткізуі мүмкін.