Өскемендегі «Жекпе-жек» сарайында 2002-2003 жылы туылғанжасөспірімдер арасында бокстан ШҚО ашық біріншілігі өтуде.

Қазанның екісінде түндігін түрген былғары қолғап бәсекесіне 10-нанастам команда қатысуда. Олардың қатарында, Бородулиха, Жарма, Күршім,Катон-Қарағай, Риддер, Үрджар, Аягөз, Зайсан аудандарынан және Семейқаласынан екі команда, Өскеменнен үш команда бақ сынасуда . Жыл сайындәстүрлі түрде өтетін бұл жарыстың жартылай финалдық бәсекелері сәрсенбікүні аталмыш спорт кешенінде өтеді.

– Жарыстың басты мақсаты – қарашаның 19-нда Екібастұз қаласындажалауын көтеретін аймақтық жарысқа іріктеу. Екібастұз қаласында жақсынәтиже көрсеткен спортшылар Республикалық жарысқа қатысу мүмкіндігінеие болады, – деді жарыстың бас төрешісі Құдайберген Сұлтанұлы.

Айта кетейік, жас спортшыларды облыс құрамына бокстан ШҚО басбапкері Шалқар Байсарин іріктеуде. Жарыс жолына шыққан жасөспірімспортшылардың жеңіске деген жігері көрермендердің де көңілінен шығуда.ШҚО дене шынықтыру және спортбасқармасының баспасөз қызметі