Танымал британиялық теннисші Дэн Эванс допинг-тесттен сүрінгенін мойындады. Оның допинг сынамасынан кокаин табылды.

«Бұл мен үшін өте ауыр күн. Сәуір айындағы допинг-тесттің нәтижесі бойынша қанымда кокаиннің іздері табылды. Алайда бұл теннистен тыс болған жағдай. Мен кокаин қолданып қателік жасадым. Енді ол үшін жауап беуім қажет. Сіздере қарауға менде бет жоқ», — деді Эванс арнайы баспасөз маслихатында.

Айта кетейік, бұл қылығы үшін теннисші бір жылға үлкен спорттан шеттетілді.