Кеше Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында реванш өтуіне рұқсатын берді.

Кездесу 2018 жылдың 5 мамырында өтеді деп күтілуде. Бұл жұптың жеңімпазы WBC титулына міндетті үміткер Джермалл Чарломен жұдырықтасады.

Ал Головкин – Альварес жекпе-жегінде мексикалық боксшы жеңіске жетіп, белбеуден бас тартса, Чарло ұйым рейтингісінің ең жоғарғы орнында тұрған үміткермен қолғап түйістіреді.