Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Германияның Гифхорн қаласында неміс боксшысы Эдуард Гуткнехтке қолдау білдіруге арналған қайырымдылық кешіне қатысты.

Айта кетейік, Эдуард Гуткнехт бас-ми жарақатының ауыр зардабын тартып келеді. Бұл туралы Waz-online.de хабарлауда. Қайырымдылық кеште түскен 50 мың еуроның 25 мыңын Головкин сыйлаған. Жиналған қаржы Эдуардтың отбасына тапсырылады. Гуткнехт боксшы Джордж Гроувзбен өткен 12 раундтық жекпе-жекте қатты соққы алған болатын. Айқас аяқталған бойда спортшы киіну бөлмесінен бірден ауруханаға жеткізіліп, оның миына операция жасалды.

Еске салайық, Эдуард Гуткнехт әуесқой бокста Геннадий Головкинді жеңген болатын.