Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізіп, жеңіске жеткен Иван Дычко BoxRec.com беделді порталының аса ауыр салмақтағы боксшылардың рейтингіне енді. Бұл туралы Egemen.kz жазды.

27 жастағы қазақстандық боксшы 684-інші орынға орналасты. Еске салайық, 30 қыркүйек күні Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.

АҚШ-тың Даллас қаласында өткен жекпе-жекте жерлесіміз алғашқы раундта америкалық қарсыласы Эйбур Райтты техникалық нокаутпен жеңді. Бұл Вирджиниядан шыққан 34 жастағы боксшының спорттық мансабындағы екінші жеңілісі. Ол осыған дейін екі қарсыласынан басым түскен еді.